2020 жыл Рамазан айының пітір садақа мен зекет мөлшері белгіленді
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Пәтуа кеңесі 2020 жылғы пітір садақа мен зекет мөлшерін белгілеуге байланысты қаулысы жарияланды
Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Пәтуа кеңесі 2020 жылғы пітір садақа мен зекет мөлшерін белгілеуге байланысты қаулысы жарияланды.
Қаулыға сәйкес, садақа мен зекет мөлшері Ташкент қаласы үшін белгіленген болып, ал әр облыс өкілдері садақа мен зекет мөлшерін өз аймақтары базарларындағы орташа бағалар негізінде анықтайды, делінген.
Соған сәйкес Ташкент қаласындағы базарларда бидайдың 1 келі орташа бағасы 4 мың, арпа бағасы 3 мың, мейіз бағасы 35 мың және құрма бағасы орташа 30 мың сум екендігі анықталып, 2020 жыл үшін пітір садақасы төмендегідей белгіленген.
≈2 келі бидай 8000 (сегіз мың) сум;
≈ 4 келі арпа 12000 (он екі мың) сум;
≈ 2 келі мейіз 70 000 (жетпіс мың) сум;
≈ 4 келі құрма 120 000 (жүз жиырма мың) сумға тең;
Әр кім өз мүмкіндігіне қарай жоғарыда аталған төрт өнімнің кез-келгенінен садақа беруіне болады.