2020 жыл басынан бері Өзбекстанға 2,1 млн долларлық электромобиль импортталған
2020 жылдың соңғы 9 айында Өзбекстанға 82 электромобиль импортталған
2020 жылдың соңғы 9 айында Өзбекстанға 82 электромобиль импортталған.
Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, Өзбекстанға электромобиль импорты жыл өткен сайын артып келеді. Өйткені биылғы импортталған көліктер саны өткен жылмен салыстырғанда 59 данаға артық. Ал, электромобиль экспорттаған елдер қатарында Қытай көш бастап тұр. Осы 9 ай көлемінде Қытайдан Өзбекстанға 52 электромобиль әкелінген. Кейінгі орындарда Кореядан 12 көлік импортталған болса Германия, БАӘ, Ресей мен Грузия елдерінен 17 электромобиль әкелінген.
Ал, осынау 82 электромобильге шамамен 2,1 млн доллар қаржы жұмсалған.