Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2020 жылға қарай барлық жанар-жағар май құю станциялары қайта жаңғыртылады
16:43 / 2019-12-27

Өзбекстандағы мұнай және газ өнімдерін сататын жанармай құю станцияларының басқарушы компаниясы ретінде жаңа «UNG Petro» ЖШС құрылды


Өзбекстандағы мұнай және газ өнімдерін сататын жанармай құю станцияларының басқарушы компаниясы ретінде жаңа «UNG Petro» ЖШС құрылды.

«Узбекнефтегаз» АҚ хабарлауынша, қазірде компания жанармай құю станцияларын қабылдау және ұзату мен мұнай өнімдерін жеткізуде олардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету барысында үзілістердің алдын алу бойынша белсенді жұмыстар жүруде. Келер жылдың алғашқы айынан бастап республикадағы барлық жанармай құю бекеттері сатыла бастайды.

Мұндай жанармай құю станцияларының желісін құрудан мақсат - толыққанды ұлттық бренд қалыптастыру арқылы «Узбекнефтегаз» бен тұтынушылар арасындағы жалғыз байланыс орнату.

2020 жыл барысында республика бойынша барлық жанармай құйю бекеттері жаңғыртылып, сыртқы көрінісі өзгертілмек. Қазіргі күнде автокөліктерге жанармай құйу бекеттерінің желісі арқылы «Өзбекнефтегаз» МӨЗ шығарған АИ-80 және АИ-91 маркалы бензин және дизель отыны сатылады. Сонымен қатар, UNG Petro АИ-92 маркалы бензинді халыққа сату тетігін іске қосып, Еуропалық стандарттарға сәйкес келетін АИ-95 маркалы бензин мен дизель отынын әкелу жоспарлануда.