English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
2020-21 оқу жылынан бастап мектепте 3 пән тереңірек оқытылатын болды
10:16 / 2020-08-20

Өзбекстан мектептерінде 2020-2021 оқу жылынан бастап математика, химия және биология пәндері тереңірек оқытылатын болды


Өзбекстан мектептерінде 2020-2021 оқу жылынан бастап математика, химия және биология пәндері тереңірек оқытылатын болды. 

Мемлекет басшысының 24 қаңтардағы Өзбекстан Республикасының «Олий Мажлисіне» Жолдауы және 2020 жылғы 31 қаңтардағы математика, химия, биология және геология ғылыми пәнін дамытуға арналған кездесуде ғылымның басым бағыттары ретінде математика, химия, биология және геологияны саласын белгілеген болатын.

Осы жағдайға орай 2020-2021 оқу жылынан бастап Білім министрлігі математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп оқыту үшін қосымша сабақтар бөлді.

Онда:
  • 10-сынып «Математика» аптасына 1 сағат;
  • 10-11 сыныптар «Химия» пәні бойынша аптасына 1 сағат (жалпы 2 сағат);
  • 10-11 сыныптар «биология» бойынша аптасына 1 сағат (жалпы 2 сағат).

Бұдан бөлек, 2020 жыл - Ғылым мен сандық экономиканы дамыту жылы аясында білім берудің барлық деңгейлерінде халықаралық стандарттарға сәйкес ақпараттық технологиялардың енгізілуіне байланысты 5-6 сыныптарда «Информатика және ақпараттық технологиялар» пәні бойынша аптасына 0,5 сағат (жалпы 1 сағат) қосылатын болды.

Алдағы уақытта, мемлекеттік білім беру жүйесінде 2020-2021 оқу жылынан бастап:
  • Математика аптасына 55 сағат (өткен жылы 54 сағат);
  • Химия аптасына 12 сағат (өткен жылы 10 сағат);
  • Биология аптасына 15 сағат (өткен жылы 13 сағат);
  • Информатика аптасына 10 сағаттан (өткен жылы 9 сағат) оқытылады.