18 жастан асқан жетім балаларға Өзбекстанда бір бөлмелі үй беріледі
Өзбекстанда 18 жастан асқан жетім балаларға бір бөлмелі үй берілетін болды.
10 тамызда «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды мемлекеттік қолдаудың жаңа жүйесін енгізу шаралары туралы» Президент Жарлығын қабылдады.
Осыған байланысты жетім балаларға баспана берудің жаңа жүйесі енгізілуде:
- тұрғын үйге мұқтаж және 18 жасқа тоған жетім балалар үшін 1 бөлмелі (кемінде 25 шаршы метр), олардың арасында құрылған отбасылар үшін 2 бөлмелі тұрғын үй (50 шаршы метрден кем емес) беріледі;
- тұрғын үй жетім баланың өтініші бойынша оның туыстары тұратын немесе басқа ауданда жаңадан салынған көппәтерлі үйлерден, ал мүмкіндігі шектеулі жетім балаларға бірінші қабаттан онлайн (2022 жыл 1 қыркүйектен бастап «Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай жүйесі») кезек негізінде бөлінеді;
- тұрғын үй жетім балаларға жеке меншік құқығымен беріледі, бірақ бала 30 жасқа толғанға дейін оны сату, ипотекаға беру, кепілге қою және отбасы мүшелері болмаған жандарды тіркеу құқығы берілмейді;
2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін 757 жетім балаға (соңғы 10 жылда бөлінген үйлердің санынан 1,2 есе көп) арналған тұрғын үйдің мақсатты параметрі бекітілуде.
Тұрғын үй сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттен тең үлеспен барлығы 120 млрд сум қаржы бөлінеді. 2022 жылдан бастап жетім балаларға тұрғын үй сатып алуға қажетті қаражат мемлекеттік бюджет параметрлерінде қарастырылатын болады.