Өзбекстанда 18 сәуірден бастап карантиндік ережелердің сақталуын бақылау одан әрі күшейтілетін болады.
Бұл туралы Ташкентте Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келуі мен таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі Республикалық арнайы комиссияның кеңейтілген жиыны өтіп, онда 18 сәуірден бастап елде карантиндік ережелердің сақталуын бақылау одан әрі күшейтілетінімен қоса қатаң ережелер легі белгіленді.
Атап айтқанда, балабақша мен мектептерде ауру анықталған жағдайда олардың қызметі дереу тоқтатылып, 2 аптаға карантинге жабылады. Осы уақыт ішінде олар онлайн режимінде жұмыс істейді.
Ірі сауда орталықтары мен базарда, дүкенде карантиндік ережелерді қатаң сақтау, антисептикпен қолды дезинфекциялау, азаматтар медициналық маска тағуы, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қатаң бақылауға алынады.
Рамазан айында тарауих намазын ашық орындарда оқу, ауызашарды мүмкіндігінше отбасымен немесе 100 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастыру.
1 мамырдан бастап концерттік шараларды жабық ғимараттарда өткізбеу туралы бірқатар шектеулер қойылды.
Республикалық арнайы комиссияның кеңейтілген отырысы жалғасуда.