English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
15 наурыздан бастап Өзбекстанға келушілерден коронавирусқа тестілеу процедурасы жойылады
23:50 / 2021-03-13

Республикалық арнайы комиссияның шешімі бойынша 15 наурыздан бастап Өзбекстан Республикасына келуші барлық жолаушылардан экспресс тест алу тәртібі жойылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша жаңа тәртіпке орай:

  • әуе немесе теміржол көлігімен келушілер Өзбекстан Республикасына сапар алдынан тіркеуден өту үшін соңғы 72 сағат ішінде коронавирустық ПТР тест туралы анықтаманы (індет жоқ деген) көрсету талап етіледі;
  • автокөліктік бақылау бекеттері арқылы ӨР-ға келушілер 72 сағаттан аспайтын мерзімде коронавирустық ПТР тесттік ауру жоқтығы жайлы анықтама тапсырса немесе ПТР нәтижелері болмаған жағдайда шекара бекеттеріндегі клиника, зертханаларда коронавирустық инфекция антигеніне экспресс тест тапсырады, індет анықталмаса Өзбекстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етіледі. 

Бұл жағдайда коронавирустық ПТР тестілерінің нәтижелері ағылшын немесе орыс тілдерінде ұсыну керек.