15 маусымнан бастап Өзбекстан халықаралық әуе қатынасын жолға қояды
Республикалық арнайы комиссияның шешіміне байланысты шет мемлекеттер эпидемиологиялық жағдайға қарай «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтарға бөлінген
Өзбександа 15 маусымнан бастап халықаралық рейстер жұмысы қайта қалпына келтіріледі. Дегенмен шетелден келетін рейстер «жасыл», «сары», «қызыл» сынды категорияларға бөлінетін талаптар қарастырылған.
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 15 маусымынан бастап мына категориядағы азаматтарға халықаралық рейстер арқылы санитария-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты елдерге баруларына рұқсат еткен.
а) Өзбекстан Республикасына кіруге және одан шығуға рұқсат етіледі:
- шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері;
- Өзбекстан Республикасында инвестициялық жобалар аясында жұмыс жасайтын шетелдік компаниялар мен басқа ұйымдардың мамандары;
- емделу үшін келген (кететін) адамдар;
- шетелде жақын туысқандары бар немесе ауыр дертке шалдыққан туыстары бар адамдар;
- шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініші бойынша Өзбекстан Республикасы арқылы басқа елдерге баратын (транзиттік әрекетпен) адамдар;
- Өзбекстан Республикасында тұрақты тіркелген шетел азаматтары, тұрақты өмір сүретін азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шет мемлекетте тұрақты тіркеуде өткен Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Республикалық арнайы комиссияның шешіміне байланысты шет мемлекеттер эпидемиологиялық жағдайға қарай «жасыл», «сары» және «қызыл» аймақтарға бөлінген.
- «Жасыл» категориялы рейстер қатарына, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты - Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Қытай Халық Республикасынан және Израильден (соңғы 14 күнін осы елдер өткізген) келетін адамдар карантиндік бақылауға алынбайды;
- «Сары» категориялы рейстер қатарына, коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі төмендеген - Еуропалық Одақтан, Малайзиядан, Таиландтан, Сингапурдан (соңғы 14 күнін осы елдер өткізген) келген адамдар үй жағдайында 14 күндік карантиндік бақылауда болады;
- «Қызыл» категориялы рейстер қатарына, коронавирустық инфекция жұғу қаупі жоғары болған – қалған басқа елдер, соның ішінде БАӘ, Түркия, Иран, Ауғанстан, Ресей және ТМД елдерінен келген адамдар 14 күндік карантиндік бақылауда алынады.