Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
14 тамызда AstraZeneca вакцинасының кезекті партиясы Өзбекстанға жеткізіледі
14:31 / 2021-08-13

14 тамыз күні Франциядан COVAX бағдарламасы аясында AstraZeneca вакцинасының 276 480 дозасы Өзбекстанға жеткізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігіның мәліметінше, 276 480 доза AstraZeneca вакцинасының Франциядан жеткізілген соң Өзбекстандағы вакцинаның жалпы қоры 14 миллион 856 мың 540 дозаға жетеді. 

Олардан:

  • 370 мың доза Спутник V,
  • 986 480 мың доза AstraZeneca,
  • 10,5 миллион доза ZF-UZ-VAC2001,
  • 3 миллион 60 доза - Moderna вакцинасы.

12 тамыздағы жағдай бойынша, Республикадағы вакцинация науқанында барлығы 11 миллион 651 мың 161 доза екпе қолданылған. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы толық егілгендердің саны - 1 380 457 құрауда.