Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
14 маусымнан Өзбекстан мен Ресей арасындағы теміржол қатынасы қалпына келтіріледі
16:51 / 2022-06-05

2022 жылдың 14 маусымынан бастап Өзбекстан мен Ресей арасындағы теміржол қатынасы қалпына келтіріледі.

Өзбекстан темір жолдары компаниясының дерегінше, 3 маусымда Ресей Федерациясының коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабының отырысы өтіп, онда РФ мен ӨР арасындағы халықаралық жолаушылар пойызының қозғалысын қалпына келтіру мәселесі қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша жедел штаб мүшелері 2022 жылдың 14 маусымынан бастап теміржол көлігімен келетін шетелдік азаматтарға эпидемиологиялық шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта екі елдің теміржол әкімшіліктері жолаушыларды тасымалдау процесін ұйымдастыру, пойыздардың қозғалыс кестесін жасау, бағыттарды анықтау, жол жүру ақысының баға саясатын және басқа да бірқатар қажетті мәселелер әзірленуде.