Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
13 шілдеден бастап пойыздар мен авиарейстер қатынау тоқтатылады
12:27 / 2020-07-10

Тек Республикалық арнайы комиссияның мақұлдауымен шетелдегі отандастарды елге алып келу үшін арнайы рейстер жасалатын болады


Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 10 шілдеден бастап ел аумағында карантиндік талаптардың күшейтілуіне байланысты барлық түрдегі транспорт қозғалысы шектелді.

Осы жағдайға орай Транспорт минстрлігі 13 шілдеден бастап ішкі бағыттардағы пойыздар мен авиарейстер қатынауда тоқтатылатынын мәлімдеп, тек Республикалық арнайы комиссияның мақұлдауымен шетелдегі отандастарды елге алып келу үшін арнайы рейстер жасалатынын хабарлады.

Сонымен қатар такси қызметін ұсынатын автокөліктер талапқа сай, жүргізуші мен жолаушы орындығының арасы мөлдір пластиктті немесе арнайы пленкамен жабылуы керек және жүргізуші мен жолаушы медициналық маскада болуы шарт. Автокөлі саланына екі жолаушыдан артық кісі алуға болмайды.