13 шілде Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды
8 шілде күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елдегі қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа телевизиялық үндеу жасады
8 шілде күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елдегі қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа телевизиялық үндеу жасап 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп жазады Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли "Facebook" парақшасында
Үндеуде, «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын, деген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.