English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
110 мың АҚШ долларының қолма-қол түрде шекарадан заңсыз шығарылуына жол берілмеді
17:52 / 2025-01-07

Ташкент халықаралық әуежайында қолма-қол шетел валютасын жасырын түрде алып шығу жағдайы көбейген.

Кеден қызметкерлері шамамен 110 мың АҚШ долларына тең қолма-қол шетел валютасының заңсыз жолмен алып шығылуына тосқауыл қойды.

Атап айтқанда:

  • Нью-Йоркке ұшар алдында жолаушылардың бірі қол сөмкесіндегі 42 200 АҚШ долларын кеден қызметкерлеріне не ауызша, не жазбаша түрде хабарламаған.
  • Ыстамбұлға ұшқалы тұрған екі жолаушының бірі 19 900 АҚШ долларын, ал екіншісі 18 200 АҚШ долларын қол сөмкелерінде алып шығуға талпынған әрекеті сәтсіз аяқталды.
  • Жаңа жылдың алғашқы күнінде Бейжіңге аттанған шетелдік азамат жолаушылар декларациясын толтырмай және кеден қызметкерлерінің сұрағына жауап бермей, 12 200 АҚШ долларын алып шығып жатқан кезде тоқтатылды.
  • Сонымен қатар, Бішкекке ұшып бара жатқан жолаушының 4 450 АҚШ долларын, ал Нью-Йоркке бағыт алған жолаушының 11 810 АҚШ долларын заңсыз алып шығуға әрекеті тоқтатылды.

Қазіргі уақытта бұл жағдайлар бойынша кедендік тексерулер жалғасуда. Статистика бойынша, елдің кеден қызметкерлері 2024 жылы жалпы сомасы 37,5 миллиард сумға тең валюталық құндылықтардың кедендік шекара арқылы заңсыз өтуіне тосқауыл қойған.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар Өзбекстан Республикасынан шетелге тек 100 миллион сум эквиваленті немесе одан аспайтын көлемдегі қолма-қол валютаны кедендік бақылау ережелерін сақтай отырып алып шығуға құқылы.