English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
11 қаңтардан бастап ЖОО-да дәстүрлі білім беру басталады
15:25 / 2021-01-04

Өзбекстанда 11 қаңтардан бастап барлық жоғары оқу орындарында дәстүрлі білім беру басталады.

Бұл туралы Ақпараттық және бұқаралық коммуникациялар агенттігнде (АБКА) өткен брифингте Жоғары және арнайы орта білім министрлігінің ақпараттық қызметінің жетекшісі Фархад Бабашев мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикадағы барлық университеттерде оқу процесін дәстүрлі түрде бастау бойынша кесте жасалған. Кестеге сәйкес 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап барлық жоғары оқу орындарының тиісті курстарындағы оқу үрдісі басталады.

Кейбір науқас немесе әлеуметтік қорғауға мұқтаж студенттер оқуын онлайн режимінде жалғастыруы мүмкін. Бұл жағдайда ЖОО-лар студенттердің жағдайларын зерттейді. Ал, барлық мүмкіндігі жеткілікті студенттер дәстүрлі оқу жағдайына толықтай оралатын болады.