Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
11 айда Өзбекстан 19 млн долларға жуық шыны бұйымдарын экспорттады
15:56 / 2020-12-25

Өзбекстан 11 ай көлемінде 18 млн 872 мың АҚШ доллары тұратын 68 377 тоннадан астам шыны және шыны өнімдерін экспортқа шығарды.

Мемлекеттік кеден комитетінің хабарлауынша, бұл өткен 2019 жылмен салыстырғанда 48,2 мың тоннаға артып, экспорт көлемі 239% өскен. Ал, валюта көлемі 11 млн долларға (140% өсім) артқан.

Экспортталған өнімдердің басым бөлігі 58% Қазақстанға, 15% Тәжікстанға, 13% Түркменстан елдері үлесіне тура келген болса, биылғы экспорт мөлшері Ресейге 12, Арменияға 9,8, Грузияға 7,1, Әзірбайжанға 2,3 есеге өскен.

Хабарда айтылуынша, биылдан бастап алғаш рет шыны және шыныдан жасалған бұйымдарды Ирландия мен АҚШ-қа экспорттау басталды.