10 желтоқсанда ТМД елдері СІМ басшыларының кездесуі өтеді
2020 жыл 10 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалығы аясында Достастықтың Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы бейнеконференция түрінде өтеді.
Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың төрағалығымен өтетін отырысқа Армения, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Түркменстан Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің төрағасы - атқарушы хатшы Сергей Лебедев қатысады.
Жиында тараптар Достастық аясындағы ынтымақтастықтың нәтижелері, қатынастардың жаңа басымдықтары, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасып, ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысында қол қойылатын құжаттардың жобасын да қарайтын болады.