10 айда күн панельдері арқылы мемлекетке электр энергиясын сатқан азаматтарға 10,5 млрд сум төленді
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында 6 536 жеке тұлға күн энергиясын электр желілеріне қосқаны үшін 10 млрд 563 млн сум (10 миллион 563 мың 890 кВт/сағ) көлемінде мемлекеттік бюджеттен субсидия алды.
Бұл туралы Мемлекеттік Салық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, субсидияның ең үлкен бөлігі Хорезм облысы (2,4 млрд сум), Қарақалпақстан Республикасы (1,7 млрд сум) және Ташкент қаласына (1,4 млрд сум) бөлінген.
Субсидияны алу үшін «Soliq» мобильді қосымшасындағы «Кэшбэк және жеңілдіктер» бөлімінде орналасқан «Күншуақты шаңырақ» қызметінің «Картаға ақша аудару» терезесі арқылы банк картаңызға аударуға болады.
Еске сала кетейік, 2023 жыл 1 сәуірден бастап «Күншуақты шаңырақ» бағдарламасы аясында өз үйлеріне күн панельдерін орнатқан жеке тұлғаларға күн панельдері арқылы өндірілген және бірыңғай электр энергетика жүйесіне берілген әрбір киловатт сағат үшін 1 000 сум субсидия төлеу тәртібі бекітілген.