1 желтоқсаннан Өзбекстанда компьютерлік орталықтар мен интернет-кафелерге рұқсат беріледі
Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Өзбекстанда электронды спортты одан әрі дамыту мақсатында компьютерлік ойын орталықтарын пайдалануға рұқсат беріледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат қызметі таратқан хабар бойынша, қызметін қайта бастайтын орталықтар келесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді қатаң сақталуы керек:
- азаматтарды бір-бірінен бөлек, бөлек орналастыру, орындықтар арасындағы әлеуметтік арақашықтықты қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің медициналық маскалар мен қолғаптарды қолдануы, әлеуметтік арақашықтықты сақтау;
- әр азаматтың дене қызуын өлшеп, 37 және одан жоғары болған, инфекция белгілері байқалған кезде және медициналық бетперде болмаған клиенттерді мекемеге кіргізбеуге шаралар қолдану;
- әрбір клиенттен кейін үстелдің бетін және басқа жабдықтарды дезинфекциялық құралдармен тазарту сияқты бірқатар санитарлық талаптарды сақтау керек екендігі белгіленді.
Еске сала кетейік, Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданыстағы карантиндік және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, Өзбекстанға әуе, теміржол және автомобиль бақылау-өткізу пункттері арқылы кіруге және шығуға рұқсат етілген.