Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
1 тамыздан Өзбекстандағы барлық әуежайлар «Ашық аспан» режиміне көшеді
18:13 / 2020-06-17

Режимге сәйкес, шетелдік авиакомпанияларға Науаиы мен Терміздегі әуежайларда жүк тасымалын орындауда әуе еркіндігінің «жетінші» деңгейіне дейін рұқсат етіледі


Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) қолдауымен Өзбекстан әуежайлары 1 тамыздан бастап «Ашық аспан» режиміне көшеді.

Транспорт министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сай, «Ашық аспан» режимі 2020 жыл 1 тамыздан бастап IATA «Қысқы 2022/2023» маусымының соңына дейін екі жыл мерзімге ұзарту келісімімен немесе белгіленген шатты өзгерту мүмкіндігін қоса Өзбекстандағы Қаршы, Нүкіс, Терміз, Бұқара, Науаиы, Үргенш, Әндіжан, Ферғана, Наманган және Самарқанд қалаларыдағы әуежайларда «бесінші әуе еркіндігі» құқығын пайдаланумен жүзеге асырады.

Осы ақпарат жөніндегі бұйрыққа 12 маусымда қол қойылған және осы келісімге сай «Ашық аспан» режимі Қаршы, Нүкіс, Терміз, Бұқара, Науаиы және Үргенш қаласы әуежайларында ешқандай шектеусіз жүзеге асырылады.

Режимге сәйкес, шетелдік авиакомпанияларына Науаиы мен Терміздегі әуежайларда жүк тасымалын орындауда әуе еркіндігінің «жетінші» деңгейіне дейін мүмкіндік беріледі.

Жаңа бағыттарды ашуға мүдделі немесе рейстер санын көбейтуді жоспарлаған шетелдік авиакомпаниялар қажетті құжаттарды белгіленген тәртіппен Көлік министрлігі жанындағы Авиациялық агенттікке және Әуе көлігін дамыту департаментіне тапсыруы керек.