1 сәуірден бастап той жиындары мен қоғамдық шараларға шектеулер енгізілді
Өзбекстанда 1 сәуірден бастап той жиындары мен қоғамдық шаралар ұйымдастыруда кейбір шектеулер енгізілді.
Республикалық арнайы комиссия соңғы күндері Ташкент және Ташкент облысында коронавирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты елде эпидемия өршуіне жол бермеу мақсатында бірқатар ұсыныстарды мақұлдады.
Ондағы шешімге сай, 1 сәуірден бастап отбасылық мерекелер, үйлену тойлары, салтанатты кештер мен неке қию рәсімінде аурудың таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтіп, келушілердің санын 100 адамнан асырмау қажеттігі талап етілген.
ДСМ-нің хабарлауынша, 1 сәуірден бастап театр, кинотеарт және концерттік бағдарламаларды ұйымдастыруда мыналар ескерілуі қажет:
- қойылымдар өтетін орындарға келетін көрермендер мен қызмет көрсету персоналының барлығы қатаң түрде бетперде тағуы шарт;
- қойылымдар өткізілетін залдардың сыйымдылығын ескере отырып, көрермендер санының 50% -нан асырмау;
- қойылымдар өтетін сарайларда көрермендердің ара-қашықтығын қамтамасыз ету;
- қойылымға келушілердің дене қызуын бақылауды орнату және температурасы жоғары болған азаматтарды ол ортаға кіргізбеу;
- шоулар өтетін залдардағы сауда нүктелерін жабу (маска мен антисептиктерді сатудан басқа);
- ойын-сауық бағдарламаларына таратылған (сатылатын) билеттерге «Егер сіз сау болсаңыз ғана келіңіз» деп жазып, хабардарлықты арттыру және аурудың басқа көрермендерге таралуын болдырмау шараларын қабылдау;
- спектакльдер өтетін ғимараттың кіреберісінде көрермендердің тәртіппен кіруін қамтамасыз ету үшін арнайы таспаларды пайдаланып бір қатарлы кіру және шығу дәліздерін орнату тәртібі енгізілді.
Қойылымдық бағдарламалары өтетін залдарда карантин ережелерінің сақталуын ұйымдастырушылар қамтамасыз етуге жауапты болады.