Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
1 шілдеден бастап Өзбекстанда карантин талаптары күшейтіледі
12:13 / 2020-06-30

«Қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда той рәсімдерін өткізуге рұқсат етілген


Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себеп Өзбекстанда карантин талаптары күшейтілетін болды.

Республикалық арнайы комиссияның шешіміне байланысты коронавирустың ел аумағында тарауын болдырмау үшін 1 шілдеден бастап мемлекет аумағында карантиндік талаптар күншейтілетіні жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау туралы қаулысы қабылдады.

Онда:
  • Республиканың барлық аймақтарындағы ірі базарлар және тауарлар сатумен айналысатын ірі сауда орталықтары аптаның сенбі-жексенбі күндері санитарлық және дезинфекция жұмыстарының жүргізілуіне орай жабылады;
  • «қызыл» және «сары» санаттағы аймақтарда сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін қоғамдық орталарда үш адамнан көп кісі топтануға, ал 23:00-ден 07:00-ге дейін көшеде, көп қабатты үйлер мен аулалы пәтерлер алдына жинауға тыйым салынады;

Карантиндік жағдайда:
  • денсаулығының нашарлауына немесе жүктілікке байланысты медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге немесе қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға азаматтарға дәріханаға баруға рұқсат етіледі;
  • «қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда аптаның сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көліктер қозғалысына біршама шектеу қойылады.

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен «қызыл» және «сары» категориялы аймақтарда салтанатты кештер мен түрлі той рәсімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып азаматтар өз үйлерінде 30 адамнан аспайтын шараларды өткізуге рұқсат етілген.