Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
1 шілдеден бастап 200 және 500 сумдық банкноттар айналымнан шығады
23:40 / 2020-06-17

Орталық банк 1 шілдеден бастап 200 және 500 сумдық банкноттар айналымнан шығатыны жөнінде мәлімдеді


Орталық банк 1 шілдеден бастап 200 және 500 сумдық банкноттар айналымнан шығатыны жөнінде мәлімдеді.

Бұл қағаз ақшаның айналымнан алынуы Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің «50 және 100 сумдағы ескі монеталарды, сондай-ақ 50, 100, 200 және 500 сумлық банкноттарды айырбастау және айналымнан қайтарып алу тәртібі туралы» ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. 

Осы құжатқа сай 1997 жылғы 200 және 1999 жылғы 500 сумдық банкноттар 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды төлем күшін жояды және осы ескі түрдегі банкноттар коммерциялық банктердің барлық филиалдарында 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін, ал 2020 жылдың 1 шілдесінен кейін Орталық банктің аймақтық орталық кеңселерінің есеп-кассалық орталықтарында қабылданады және айналымдағы банкноттардың шектеусіз санына айырбастауға болады.