French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
1 қыркүйектен мектептерді ынталандыру мақсатында Президент сыйлығы тағайындалады
10:15 / 2021-08-24

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шет тілін оқытуда үздік нәтижеге жеткен мектептерді ынталандыру мақсатында Президент сыйлығы тағайындалады.

Әділет министрлігінің мәліметінше, жүлдеге арналған байқау жалпы білім беретін мектептер арасында келесі үш кезеңде ұйымдастырылады:

  • бірінші кезең - аудан мен қалада өткізіледі, жеңімпаздар 100 миллион сумға дейін;
  • екінші кезең - Қарақалпақстан Республикасы, облыс және Ташкент қаласында өтіп, жеңімпаздар 250 миллион сумға дейін;
  • үшінші кезең - республика бойынша өтеді және жеңімпаздар 500 миллион сумға дейін қаржылай марапатталады.

«Өзбекстан Республикасында шетел тілін үйренуді ілгерілету сапалық жаңа деңгейге көтеру шаралары туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 2021/2022 оқу жылынан бастап аудандарда (қалаларда) жалпы орта білім беру мекемелерінің базасында шет тілін оқытуға мамандандырылған 207 мектеп құрылады. 

Ауылдық жерлерде шет тілін оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіпкерлерге 50 миллион сумға дейін біржолғы субсидия бөлу тәжірибесі енгізіледі.