1 қыркүйектен көлікті басқару құқығын беретін сенімхатты электронды түрде алуға болады
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстанда көлікті басқару құқығын беретін сенімхатты электронды түрде алуға болады.
Мемлекет басшысының тиісті шешімімен автокөліктерді жүргізу және бағытсыз такси жүргізу мүмкіндігі үшін қосымша жеңілдіктер жасалды:
- 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап автокөлікті басқару құқығын беретін сенімхатты Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы электронды түрде алуға болады. Мұнда:
- автокөлікті басқару құқығын беретін электрондық сенімхат берілген кезде оны нотариалды куәландыру талап етілмейді;
- электронды сенімхат берілгенде 1 айға дейінгі мерзімге 90 мың сум, 6 айға дейін 450 мың сум, 3 жылға дейін 900 мың сум көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады;
- электрондық сенімхатты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік қызмет мамандары тек планшет арқылы тексереді.
2. Заңды тұлғалардың жүргiзушiлерiн екi жыл сайын мiндеттi түрде оқыту туралы талап жойылады.
3. Азамат өз автокөлігін жолаушыларды тасымалдауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға жалға берген кезде нотариус арқылы бекітуі туралы талап күшін жояды. Жалдау шарты салық органдарында электрондық шотқа енгізіледі.
4. 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2024 жылдың соңына дейін жеңіл көліктерде жолаушыларды тасымалдау қызметі өзін-өзі жұмыспен қамтушылар айналыса алатын қызмет түрлерінің тізбесіне енгізіледі. Мұнда:
- лицензияны беру кезінде көлік құралын 10 жылдық пайдалану мерзіміне қойылатын талаптың күші жойылды;
- міндетті медициналық-техникалық куәландыру мерзімі жылына бір рет болып белгіленеді;
- өз-өзін жұмыспен қамтыған тасымалдаушылардан, соның ішінде, заңды тұлғалардан лицензия бланкісін бергені үшін мемлекеттік баж салығы мөлшері 300 мың сум болып белгіленді.