2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстандағы ұялы байланыс операторлары үшін ұялы байланыс қызметтеріне акциз ставкасы 10 пайыз деңгейінде белгіленді.
Бұл туралы Президенттің «Қызмет көрсету саласын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында айтылған.
Қаулыға сәйкес, 2022 жылдың 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналар кедендік баждарды төлеуден босатылады:
- дыбыс, бейне немесе басқа деректерді жіберу немесе қабылдауға арналған жабдық, оның ішінде сымды немесе сымсыз желілерде байланысқа арналған жабдық;
- мәліметтерді сақтау құрылғылары: оптикалық тасымалдаушылар, жартылай өткізгіштер;
- проекторлар, динамиктер, құлаққаптар;
- телекоммуникация операторлары мен провайдерлері тарапынан инфрақұрылымын енгізу жобалары шеңберінде Өзбекстан Республикасында өндірілмеген, белгіленген тізбеге сәйкес импортталатын технологиялық жабдықтар, материалдар, бағдарламалық қамтамасыз ету және қосалқы бөлшектер.
Мүлік салығын есептеу кезінде жер учаскелерінде орнатылған антенна-діңгекті металл конструкциялар және оларда орнатылған және олардың құрамдас бөлігі (мұнаралар, периметрлік қабырғалар, жүк көтергіш құрылғылар, найзағайдан қорғау жүйелері, жерге тұйықтау құрылғылары, сигнализация және жарықтандыру жүйелері, күзет дабылдары және бейнебақылау жүйелері) жылжымайтын мүлік болып саналады.
2022 жылдың 1 сәуірінен бастап:
- радиожиілік спектрін пайдаланушыларға радиожиілік саласындағы уәкілетті органдардың тиісті рұқсаттарына сәйкес радиожиілік спектрін ортақ пайдалану құқығы беріледі;
- бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар паркі дирекциясына оның резиденттерінің ай сайынғы жарналарының мөлшері олар экспорттаған ақпараттық технологиялар қызметінің жылдық көлемі 10 миллион доллардан асқанда 25 пайызға, ал 20 миллион доллардан асқанда 50 пайызға төмендетіледі.