Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
1 наурыздан бастап алимент төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі
08:31 / 2021-03-01

Өзбекстанда 2021 жылдың 1 наурызынан бастап алимент бойынша міндеттемелерді орындаудың жаңа тәртібі енгізіледі.

Мемлекет басшысының «Сот және басқа құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, мәжбүрлі атқару бюросы (МИБ) алимент алушының атына банктік карточка шығарады және алимент бойынша ақшаны, борышкердің жұмыс ақысынан ұсталған алименттік ақшаны, алименттік міндеттемелер бойынша жеке банктік шот арқылы аударып береді. 

Алимент өндіріп алу бойынша атқарушылық құжаттарды орындау және алимент өндіруді бақылау ішінара автоматтандырылатын болады. Нәтижеде азаматтардан шағым азайып, біршама қолайлық жасалады.