Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
1 маусымынан Өзбекстанда бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысы 12 пайызға өседі
11:48 / 2022-05-21

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 1 маусымынан бастап бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 12 пайызға өседі.

«Халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға және азаматтардың кірісін кезең-кезеңімен арттыруға бағытталған шаралар кешенін кеңейту мақсатында 2022 жылғы 1 маусымнан бастап бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 12 пайызға көтерілсін», - делінген қаулыда.

Осыған орай Өзбекстанда ең төменгі жалақы айына 920 000 сум (қазіргі уақытта 822 000 сум) боп белгіленсе, базалық есептік сома 300 мың сумға (қазір 270 мың сум) теңестірілді.