Өзбекстанда азаматтардың қызметін жеңілдету мақсатында 1 маусымнан бастап 18 түрлі құжатқа қойылатын талап жойылады.
Мемлекет басшысының «Халық пен кәсіпкерлерге жеңілдік жасау және бюрократиялық кедергілерді түбегейлі азайту шаралары туралы» Жарлығы қабылданып, 2021 жылдың 1 маусымынан бастап 16 жастан асқан азамттарға ID-карта беру оларды салық төлеушілер ретінде және зейнетақы жүйесіне тіркеу процесі бір сәтте жүзеге асырылады.
Атаулы құжаттардың 18 түрін құзыретті мемлекеттік органдар «Электронды үкімет» платформасы арқылы алатын болады.
Бұл құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- белгілі бір азаматтың фотосуреті;
- кадастрлық құжаттар және олардың көшірмелері;
- жұмыс кітапшасы және олардың көшірмелері;
- медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының анықтамалары;
- жалақы мен еңбек өтілін растайтын мұрағаттық ақпарат;
- жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқуды растайтын мұрағаттық анықтамалар.
Сонымен қатар азаматтарға зейнетақы тағайындау барысында мына құжаттарды «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесі» ведомствоаралық бағдарламалық-техникалық кешені арқылы мүмкіндігі болмаған жағдайларда оны сұрауға болмайды.
- психиатриялық диспансерлік есепте тұрғандық немесе болмау;
- наркологиялық диспансердің есебінде бар-жоғы;
- сотталғандық;
- мекен-жайы туралы ақпарат;
- азаматтың атында жеке үй бар ма;
- тұрғын үй алаңы;
- салық қарызы жайлы анықтама;
- салық төлеушілерді мемлекеттік салық қызметінде тіркеу;
- зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері;
- зейнеткер немесе жәрдемақы алушылар тізімінде бар-жоғы;
- неке тіркелгені, некеде тұрмаған немесе ажырасқандық жайлы анықтамалар.
Мемлекеттік және экономикалық басқару органдарының, мемлекеттік мекемелердің және жергілікті мемлекеттік органдардың жеке тұлғалардан осы құжатты немесе ақпаратты ұсынуын талап ету мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы бұзу болып табылады.