1 маусымнан бастап Өзбекстан туризм саласын қайта жолға қояды
2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін туроператорлардың әуе-темір жол билеттерінің 30 пайызға дейін мөлшерін мемлекет төлейін болады
Өзбекстанда 1 маусым күнтізбедегі дүйсенбі күнінен бастап ел аумағындағы «жасыл» және «сары» деңгейлі аудандарда ішкі туризмді қайта жолға қойылатын болады. Бұл Президенттің «Коронавирустық пандемияның кері әсерін азайтуға арналған» қаулысында көрсетілген.
Онда, көрсетілген санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды қатаң сақтай отырып 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ішкі туризмді «жасыл» және «сары» категориялы аумақтардақайта жолға қою мен бірге құрамдас ұйымдардың қызметін де жандандыру көзделген (туроператорлар, туристік агенттіктер, орналастыру орындары, мәдени мұра объектілері және т.б.);
Шетелдік азаматтардың Өзбекстан Республикасына кіруіне рұқсат етілген елдердің тізімі жасалғаннан кейін шетелдік туризмді жаймен жандандыру бойынша ұсыныстар қабылданған.
Сондай-ақ сыртқы туризм қайта жолға қойылғаннан соң туроператорлар мен агенттіктерге шетелдік саяхатшылардың жалпы саны 500 мыңға жеткенге дейін олардың ел аумағында кемінде 5 күн болуы кепілдігімен әр бір турист үшін 15 доллардан қосымша ақша берілетін болады және 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін туроператорлардың әуе-темір жол билеттерінің 30 пайызға дейін мөлшерін мемлекет төлейін болады.