1 маусымнан қандай өзгерістер орын алады
Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Өзбекстанда 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енетін өзгерістер жөнінде хабарлады
Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Өзбекстанда 2020 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енетін өзгерістер жөнінде хабарлады.
1. Кейбір кәсіпкерлер мүлік салығы мен жер салығын төлеуден уақытша босатылады.
2020 жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында төмендегі көрсетілгендер мүлік салығы мен жер салығын төлеуден босатылады:
- шағын кәсіпкерлік субъектілері;
- базарлар мен сауда орталықтары;
- кинотеатрлар;
- қоғамдық тамақтану орындары;
- қоғамдық көлік кәсіпорындары;
- спорттық-сауықтыру объектілері;
- жолаушылар көлігімен, тұрмыстық қызмет көрсету, ғимаратты жалға беру, соның ішінде банкет өткізу үшін жалға беру жұмысымен айналысатын заңды тұлғалар.
- 14 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақы, бала екі жасқа толғанға дейін перзент күтімі бойынша жәрдемақы және материалдық көмек алушылардың саны қосымша 10 пайызға көбейеді.
- Өзбекстан аумағына импортталатын темекі өнімдерінің акциз ставкалары қосымша позициялармен толықтырылатын болып, темекінің әр килограмы үшін 25 доллардан акцизді салық алынатын болады.
- Отандық экспорттаушыларға автомобильді және әуе арқылы тауарларды экспорттау шығындарының бір бөлігін, сондай-ақ кәсіпкерлердің инфрақұрылымды салу шығындарының бір бөлігін мемлекет өтейтін тетіктер енгізіледі.
- Медициналық мекемелер, оның ішінде отбасылық емханалар мен ауылдық (селолық) медициналық орталықтар, сондай-ақ кезеңмен барлық министрліктер мен ведомстволарда, Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайы мен жергілікті әуежайларда, барлық автовокзалдарда, теміржол вокзалдарында, базарларда, санаторийлерде және басқа да тығыз қоныстанған аудандарда фитобарлар жұмысы жолға қойылады.