1 мамырдан Өзбекстанда Аи-80 бензинінің бағасы мемлекеттік реттеуден алынады
30 наурыздан «Еуро-4 және «Еуро-5» класындағы экологиялық таза сападағы дизел отынын шығару жолға қойылған еді
Президент Шавкат Мирзияев 4 сәуірде «Мұнай-газ саласының қаржылық тұрақтылығын арттыру бойынша бірінші кезектегі шаралар туралы» қаулыға қол қойды.
Осы қаулыға сай 1 мамырдан бастап Аи-80 бензині мен дизель отынының (ЭКО маркалы дизель отынын) бөлшек сауда бағасы мемлекеттік реттеуден алынып тасталған. Онда айтылуынша осы жылдың мамыр айынан Аи-80 маркалы автокөлік жанармайы мен дизель отыны тек биржалық сауда арқылы сатылатын болған.
Алдағы уақытта биржалық сауда-саттық нәтижелері бойынша қалыптасқан орташа бағамен тікелей келісім-шарт негізінде сатып алуға болатын ұйымдар қатарына:
- Бюджеттік ұйымдар
- Мақта шикізаты мен астық өндіретін фермер қожалықтар
- Мақта-тоқыма кластерлері
- «Өзбекстан темір жолдары» АҚ
- «Тошшахартрансхизмат» АҚ
- Тұрмыстық қалдықтарды жинау және жою жөніндегі мемлекеттік кәсіпорындар.
Жоғарыдағы аталған ұйымдарға «Узбекнефтегаз» АҚ құрамындағы мұнай өңдеу зауыттары автокөлік жанармайы мен дизель отынын (ЭКО маркалы дизель отынын) зауыт белгілеген жеңілдіктермен ұйым тарапынан жасалған тапсырыс бойынша сатады.
Еске сала кетсек, 1 наурыздан бастап Аи-92 маркалы бензин бағасы 6200 сумнан 6000 сумға түскен еді. Ал, 30 наурыздан «Еуро-4 және «Еуро-5» класындағы экологиялық таза сападағы дизел отынын шығару жолға қойылған.