English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
1 айда Өзбекстанда 800-мыңға жуық азаматқа Covid-19-ға қарсы вакцина егілді
10:35 / 2021-05-01

Өзбекстанда 1 сәуірден басталған халықты жаппай вакцинациялау науқаны аясында жалпы 797 781 азаматқа екпе жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, өткен тәулікте  79 310 кісіге екпе жасалған. Бұл вакцина басталғалы күндік ең жоғары рекордты көрсеткіш. 

1 айлық қорытындыға сай аймақтар арасында ең көп вакцина алғандар Ферғана облысында (117 843 адам). Кейінгі кезекте Наманган (84 874), Әндіжан (82 268) облыстары тұр.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ел аумағында үш түрлі вакцина («Спутник V», «AstraZeneca» және өзбек-қытай «ZF-UZ-VAC 2001» вакцинасы) азаматтарға егілуде. 1 сәуірде басталған вакцинация науқаны бойынша 3 айда 4 млн тұрғынды вакциналау жоспарланған.