Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
1 ақпаннан Өзбекстанда медициналық қызметкерлер халыққа жаппай коронавирустық вакцина егуге дайындау басталады
08:30 / 2021-01-29

Өзбекстанда 1 ақпаннан бастап медициналық қызметкерлер халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егуге дайындау басталады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және денсаулық сақтау қызметінің хабарлауынша, коронавирусқа қарсы вакцинациялау процесін мұқият жоспарлау және медициналық қызметкерлерді «Қауіпсіз иммунизация» жағдайлары бойынша оқыту бойынша шаралар әзірленіп, вакцинаторлардың тізімі жасалды.

Осыған орай «2021 жылдың 1 ақпанынан бастап медициналық қыметкерлерді жаппай вакцинацияға дайындық бойынша білім деңгейін көтеруге бағытталған тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Бұл процесте, Қытайдың «Ayhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical» компаниясы жасаған жаңа короновирустық рекомбинантты вакцинаның қауіпсіздігі мен COVID-19 инфекциясының алдын-алудағы тиімділігін анықтау мақсатында вакцина келтірілген және ол 5000 еріктіге III клиникалық сынақтар кезеңі аясында егу жоспарланған.

Қазір елге 8 қытайлық маман келген болып, олар бүгінде инновациялық даму министрлігімен бірлесіп клиникалық кезеңнің үшінші кезеңін өткізіп жатыр.