Бұл туралы «Өзбекстан темір жолдары» АҚ хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, жүрдек «Афросиёб» электропойыздарының билет бағасы 20−25 пайызға, ал «Шарқ», «Насаф» және «Өзбекстан» жылдам жүретін пойыздарының билеттері 30 пайызға қымбаттайды.
Бағаның көтерілуі темір жол инфрақұрылымының шығындарын, электр энергиясы, отын және көлік шығындарын жабу, сондай-ақ жаңа жоғары жылдамдықтағы электропойыздарын сатып алу және жолаушы вагондарын жаңарту, темір жол станцияларының қызметін жаңа талаптарға сәйкес келтіру және сапалы қызмет көрсету қажеттіліктерімен түсіндірілген.
Айта кетейік, компания тарапынан «Афросиёб» жүрдек пойыздарының билеттерінің бағасы бірнеше рет көтерілген. Алғаш рет 2023 жылдың қараша айында бағалар 60 пайызға артты, содан кейін екі рет — қаңтар және мамыр айларында тағы да көтерілген еді. Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап жылдам жүретін жолаушылар пойыздарында да баға өсті.