«Өзбекстан поштасы» халықаралық әуе пошталық тасымалын жолға қойды
Бұған дейін халықаралық пошта қызметі құрлықтық транспорт арқылы жолға қойылған болатын
«Өзбекстан поштасы» 2020 жылдың 20 сәуірінен бастап әлемнің 38 мемлекетін халықаралық әуе хабарламаларын жіберуді жартылай бастады.
Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігі хабарында айтылуынша 2020 жылдың 20 сәуір датасынан бастап 1 маусымға дейін жеткізулер жүк тасымалымен айналысатын әуе қатынасы арқылы әлемнің 38 еліне Eхtrа тарифті жобасы негізінде халықаралық әуе пошталық тасымалын жеткізіп беру жолға қойылды, делінген.
Коронавирустық індетке байланысты Өзбекстанда жарияланған карантин режимі кезінде, «Өзбекстан поштасы» халықаралық пошталық қызметін 20 наурыздан бастап басқа елдерге құрлық транспорты арқылы жіберуді жолға қойған еді.