Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Қазақстан-Өзбекстан: Ұлы дала-қонақжайлылық» атты Road show
17:05 / 2019-08-05

Қазақстан мен Өзбекстанның туристік аймақтарын көпшілікке таныстырылым шоуы өтті.


Ежелден келе жатқан екі ел арасындағы көршілік татулықты ұлықтау, арадағы қарым-қатнасты нығайту жолында соңғы жылдары салмақты жұмыс атқарылып келеді. Өткен жылы Қазақстанда басталған ерекше «Өзбекстан жылы» бастамасы биыл дәстүрлі түрде Өзбекстанда «Қазақстан жылы» жалғасын табуда.

Осы бастамалар аясында біршама оң өзгерістер орын алып өз жемісін көрсетіпте бастады. Бұлар саясаттада, саудада да, мәдениеттеде өзбек пен қазақ арасындағы қатнас, бұрын соңды тарихта болмаған дәрежеделі шыңға биіктеді. Алдымен осы жағдайға септігі тиген Ел басшыларының дұрыс диалогты байланыстары болса, келесі кезекте екі елдің азаматтарының бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасаулары болды.

Осындай бастамалардың жалғасы ретінде бүгін Ташкентің төрінде орналасқан зәулім «Miran International Hotel» қонақ үйінің «Samarkand» конференция залында, Қазақстан мен Өзбекстанның туристік аймақтарын көпшілікке таныстырылым шоуы өтті.

Жетекші туристік агенттіктер мен журналист, блоггерлер қатысқан шарада, Қазақстанның оңтүстік аймағы «Түркістан» облысының туристік әлеуетіне жете назар аударылған болса, Өзбекстанның Ташкент облысындағы саяхатшыларды көптеп тартар әсем мекендеріде келген қонақтарға жоғары деңгейде таныстырылыды. 

5b39001a63d61c3fbda186a91e06b78e.jpg

piramidy_charvak16.jpg

Сондай-ақ, қос елді ертеден тұтастырар ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында екіжақтық экскурсиялы турлар ұйымдастыру мен бірге, Қазақстан аумағына келген саяхатшының көңілінде Өзбекстан жағына баруға ынта оятатын несеме керісінше Өзбекстанға келген туристтерді Қазақстандағы әсем мекендерді тамашалау бақытына жеткізу жайлы түрлі идеялар айтылды. 

Қазірде осы идеяларды жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. Ташкент – Түркістан, Түркістан – Самарқанд – Бухара қалалары арасында тұрақты заманауй автобустар қатнауы жолға қойылып, шекара өткізу пункттерінде жылдам тексеріс қызметтері жұмыс істеп келеді.

9d9603f1bd2e8b7297a7b33aceaeaabc.jpg