Ұлыбритания астанасында Газа оқиғаларына қарсы өткен үлкен наразылық кезінде 175 адам қамауға алынды.
Метрополитен полициясының хабарлауынша, Трафальгар алаңында өткен митинг елде сөз бостандығы мен саяси шектеулер төңірегінде жаңа пікірталастарды тудырды.
Қатысушылар «Action for Palestine» қозғалысының туы мен ұрандарын көтеріп шықты. Бұл ұйым жақында Ұлыбритания үкіметі тарапынан тыйым салынған ұйымдар тізіміне енгізілген.
Наразылық білдірушілер Израильдің Газадағы әрекетін «геноцид» деп атап, үкіметтен қарулы қақтығысты тоқтату жолында қатаң шаралар қабылдауды талап етті.
Полицияның мәліметінше, қамауға алынғандардың көбі қауіпсіздік заңдарын бұзған, кейбіреулері тыйым салынған ұйымды насихаттаған деген күдікке ілінген.