АҚШ-тағы орман өртінен кем дегенде 28 адам қаза тапты
АҚШ-тың батыс аймағында басталған орман өртінің нәтижесінде сан мыңдаған жан басқа аумаққа көшуге мәжбүр болып, кем дегенде 28 кісі қайтыс болған
Тамыз айының орталарынан АҚШ-тың батыс аймағында басталған орман өртінің нәтижесінде сан мыңдаған жан басқа аумаққа көшуге мәжбүр болып, кем дегенде 28 кісі қайтыс болған.
«CNN» арнасының хабарлауынша, Калифорния, Орегон және Вашингтон штаттарындағы қатты дала өрттерінің салдарынан 1,9 млн гектар аймақ жанып кеткен. Анолмалды ыстық пен найзағай соғуының нәтижесінде белең алған ауқымды өртті өшіруге 10 мыңдаған жан жұмылдырылған. Қазірде Калифорния, Орегон, Вашингтон, Колорадо, Айдахо және Юта штаттарының өртті аймақтарында эвакуациялы процестер жүріп жатыр.
Осы жағдайға орай ел президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Калифорния келетіні айтылған.





