Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қатар-2022: Аргентина Әлем чемпионы атанды

Футболдан 2022 жылғы Қатар жасыл алаңдарында өткен 22-ші Әлем чемпионаты аяқталды.

1 ай бойы футбол сүйер әлем жұртына көзайым болған допты дода мәресіне жетті.

Лусаил стадионында 90 мыңға жуық жанкүйер алдында Аргентина мен Франция құрамасының арасындағы финал кездесуінің негізгі уақыты тең аяқталып (есеп 2:2), командалар қосымша экстратаймда бақ сынады. 15 минуттық екі таймда да бір-бір голдан соғылып (есеп 3:3) жеңімпаз анықталмады.

Төреші қос команданы пенальтилер сериясына шақырып, онда Аргентина 4:2 есебімен жеңіске жетіп Әлем чемпионы атанды.

Осылайша Аргентина құрамасы тарихта үшінші рет Әлем чемпионы болды.

Оңтүстік Америка құрамасының капитаны Леонель Месси турнирдің үздік ойыншысы атанса, француз шабуылшы Килиан Мбаппе дүбірлі додада 8 гол соғып, әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды.