Теннис: Өзбекстандық теннисшілер «Guangzhou Open» турнирінің чемпионы атанды
Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен «Guangzhou Open» халықаралық турнирінде Полина Кудерметова мен Мария Тимофеева жұптық сында бас жүлдені жеңіп алды.
Финалдық кездесуде өзбекстандық теннисшілер Қытай Тайпейінің өкілдері И-Хсуан Чо мен И-Тсен Чоны 7:5, 7:6 (1) есебімен жеңіп турнир чемпионы атанды.
Осылайша, Полина Кудерметова мен Мария Тимофеева халықаралық аренадағы жетістіктеріне тағы бір мәртебелі жүлдені қосты.
Жеңіс үшін олар 13 600 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Сондай-ақ олардың әрқайсысының рейтингіне 250 ұпайдан қосылды.