Оңтүстік Африкада болған атыс салдарынан12 адам қаза тапты
Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласындағы Кливленд ауданында қарулы шабуыл болды.
Ensa ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан 12 адам көз жұмып, тағы 9 адам жараланған.
Қаза болғандардың қатарында сегіз ер адам мен үш әйел бар. Олар оқиға орнында көз жұмған. Кейінірек ауыр жарақат алған тағы бір ер адам ауруханада қайтыс болған.
Зардап шеккен қалған азаматтар медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда олардың денсаулық жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ақ түсті Toyota Quantum көлігімен келген оннан астам қарулы адам тұрғындар жиналған орынға басып кіріп, бейберекет оқ жаудырған. Кейін олар оқиға орнынан ізін суытқан.
Қарулы шабуылдың себептері әзірге белгісіз. Сондай-ақ күдіктілердің ұсталғаны жөнінде ресми ақпарат жарияланған жоқ.