Наманганда картингтен облыс чемпионаты өтті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Наманган қаласында 9 мамыр — Еске алду және қадірлеу күніне орай «Борыш, ерлік, қайсарлық!» ұранымен «Ватанпарвар» ұйымы облыстық кеңесінің бастамасымен картингтен облыстық чемпионаттың бірінші кезеңі өтті.
Жарысқа Ташкент қаласы, Ферғана облысы, Әндіжан облысы және Наманган облысының қала-аудандарындағы оқу-спорттық техника орталықтарынан барлығы 9 команда қатысты.
Онда 65-тен астам спортшы «Микро», «Мини», «Супермини», «ОК-Жуниор», «Патриот», «КФ», «КЗ» және «Т–4 Патриот жасөспірімдер» санаттары бойынша бақ сынады.
[gallery-29338]
Қорытынды нәтижелерге сәйкес, «Турақорған» ауданы оқу-спорттық техника орталығының командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орын «Наманган» ауданы командасына бұйырса, үшінші орын «Чартак» ауданы оқу-спорттық техника орталығының командасына нәсіп етті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА