Әлем чемпионаты: Өзбекстан құрамасы жарысты топтық кезеңде аяқтады
Футболдан XXIII әлем чемпионатының «К» тобының үшінші турында Өзбекстан ұлттық құрамасы Конго Демократиялық Республикасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Өзбекстан өз тарихындағы алғашқы әлем чемпионатындағы соңғы кездесуін өткізіп, турнирмен қоштасты. Топтағы екінші ойында Португалия мен Колумбия 0:0 есебімен тең түсті.
Колумбия 7 ұпаймен топ жеңімпазы атанса, Португалия 5 ұпаймен екінші орынға ие болды. Конго Демократиялық Республикасы 4 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Өзбекстан құрамасы жарысты топтық кезеңде аяқтады.