Киберспорт: Үргеніш командасы республикалық кезеңге жолдама алды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Хорезмде «Бес бастама олимпиада» ойындары аясында киберспорттан «Жастар кубогы» турнирінің өңірлік кезеңі өтті.
Жарыс барысында жастар өздерінің зияткерлік әлеуетін, стратегиялық ойлау қабілетін, командалық ынтымақтастығын және жедел шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
[gallery-30156]
CS:GO бағыты бойынша Үргеніш қаласының командасы бірінші орынды иеленсе, Ханқа ауданының жастары екінші, Топыраққала ауданының киберспортшылары үшінші орынды місе тұтты.
Dota 2 бағыты бойынша Үргеніш қаласының командасы жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.
суреттерді түсірген Б.САИДОВ, ӨзА