ФОТОРЕПОРТАЖ: Имам Бұхари кесенесінің жаңа келбеті
Мемлекет басшысының бастамасымен Самарқанд облысындағы қайта жаңғыртылған Имам Бұхари кешенінде зияратшылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
Кешен аумағында 15 гектар жерді қамтитын инфрақұрылым аясында төрт және үш жұлдызды қонақ үйлер, отбасылық қонақ үйлері мен автотұрақтар салынған. Барлық нысандар заманауи коммуникациялық желілермен қамтамасыз етіліп, аумақты абаттандыру жұмыстары да жоғары деңгейде жүргізілген. Нәтижесінде кешен тәулігіне 65 мыңға дейін зияратшыны қабылдай алатын мүмкіндікке ие болып, зиярат туризмінің дамуына зор үлес қосуда.
[gallery-28417]
Кешенде 10 мың адамға арналған алып мешіт, 154 бағаннан тұратын ұлттық нақыштағы көркем терасса және әкімшілік ғимараттар бой көтерген. Сондай-ақ 9 павильоннан тұратын инновациялық музейде Имам әл-Бұхаридің өмірі мен ғылыми мұрасы, ислам өркениетінің дамуына қосқан теңдессіз үлесі жайлы кеңінен мәлімет берілген. Музей экспозицияларында Құранда аты аталған пайғамбарлар тарихы, хадис ілімінің қалыптасуы мен дамуы туралы да қызықты деректер қамтылған.
суреттерді түсірген С.Аслонов, ӨзА