«Формула-1» Бахрейн Гран-приін өткізу құқығын Малайзияға берді
Таяу Шығыстағы күрделі жағдайға байланысты «Формула-1» сәуір айында өтуі жоспарланған Бахрейн және Сауд Арабиясы кезеңдерін кейінге қалдырған еді.
Нәтижесінде Бахрейн Гран-приі енді 2–4 қазан күндері Малайзиядағы Сепанг автодромында өтеді.
12 сәуірде Бахрейнде өтуі тиіс болған «Формула-1» кезеңі Малайзияға ауыстырылып, 2–4 қазан күндеріне белгіленді. Бұл туралы жарыстың ресми сайтында хабарланды.
Бәсеке 2017 жылдан бері «Формула-1» кезеңдерін қабылдамаған Сепанг халықаралық автодромында ұйымдастырылады.
Күнтізбеге сәйкес, Малайзиядағы жарыс Баку кезеңі (26 қыркүйек) мен Сингапур кезеңі (11 қазан) аралығында өтеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарыстар күнтізбесіне басқа өзгерістер енгізілмеген.
Еске салайық, наурыз айында «Формула-1» АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясынан кейін қалыптасқан жағдайға байланысты Бахрейн мен Сауд Арабиясында сәуір айына жоспарланған кезеңдерді өткізуден бас тартқан еді.