Экономика бойынша Нобель сыйлығы екі америкалық ғалымға берілді
2026 жылғы экономика бойынша Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар Роберт Холл мен Майкл Вудфордқа табысталды.
Бұл туралы Стокгольмдегі Швеция Корольдік ғылым академиясы хабарлады.
Ғалымдар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің микроэкономикалық негіздерін зерттегені үшін марапатталды. Олар әзірлеген экономикалық модельдер жеке адамдар мен компаниялардың шешімдері жалпы экономикаға қалай әсер ететінін түсінуге, сондай-ақ мемлекеттің дағдарыс салдарын жеңілдетуге бағытталған шараларын тиімді жоспарлауға көмектеседі.
Айта кетейік, экономика бойынша сыйлықты 1968 жылы Швецияның Орталық банкі тағайындаған. Алғаш рет 1969 жылы табысталған.
Еске салайық, марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда өтеді.