2030 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет үш құрлықта өтеді
Халықаралық футбол федерациясы ФИФА 2030 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатын ресми түрде қабылдайтын елдерді бекітті.
Оған сәйкес, келесі әлем чемпионаты тарихтағы ең ерекше турнирлердің бірі болмақ. Чемпионаттың негізгі ойындарын Испания, Португалия және Марокко қабылдайды.
Ал турнирдің 100 жылдығына орай алғашқы матчтар Уругвай, Аргентина және Парагвайда өтеді. Бұл елдер 1930 жылы ұйымдастырылған тұңғыш әлем чемпионатына құрмет ретінде таңдалған.
Осылайша, 2030 жылғы мундиаль тарихта тұңғыш рет үш құрлық пен алты елдің аумағында ұйымдастырылады. Турнирге 48 ұлттық құрама қатысады деп жоспарланып отыр.