ӨзА Қазақ

08.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Расул Кушербаев: Әрқашан қазақ екенімді мақтана айтып, қуанып жүрем

Расул Кушербаев: Әрқашан қазақ екенімді мақтана айтып, қуанып жүрем
Расул Кушербаев Ташкент облысының «Қосағаш» ауылды мекенде туып өскен. Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Заң шығарушы палатасының депутаты.

Сізді тағы бір мерзімге депутат болуыңызбен құттықтаймын. Осы сайлаудан кейін Мемлекет басшысының депутаттармен алғашқы кездесуінде Президент сіз жайлы жақсы пікірлер айтып өзі жақсы танитынын және жасап жатқан жұмыстарыңызды қолдауын айтты. Бұл қаншалықты жауапкершілік жүктейді сізге?

Өзбекстан тәжірибесінде Мемлекет басшысы тарапынан кімді болсын жеке мақтауы, оны қолдауы кісіде қандай жауапкершілік жүктесе менде де дәл осыдан кем емес. Расында өзімді осылай көтермелейтіндей бірдеңе жасадым деп те ойламаймын. Өйткені мен өзімнің жасап жүрген және жасамақ болған тірлікте, ар-ожданмен айналысқым келеді. Сондықтан мұным өзімді болашақта босқа жіберген уақыт үшін рухани азаптан қорғау әрекетім жәй ғана.

Сайлаудан бұрын өз алдыңызға қойған жоспарыңыз жайында бөліскеніңізде монополияға қарсы, мигранттар мәселесі, инвесторларға қолайлы орта жарату, түрлі әлеуметтік мәселелер, сот жүйесі сынды Өзбекстандағы өте нәзік проблемаларды шешуді қолға аламын дедіңіз. Мұның бәрі сізге қиындық тудырмай ма?

Әрине бұладың барлығын жалғыз өзім істей аламын деу ақылға қонымсыз. Ол мүмкін де емес. Бұл көпшілікпен қоян қолтық араласа бірігіп жасайтын мәселе. Ең маңыздысы мен өзімнің қай жақта екенімді анық көрсетіп, осы жолда белсенді түрде әрекет жасамақпын. Мұнымды құптайтындар көбейіп олар көмектесер болса, небәрі соншалықты нәтижелі болмақ. Ең әуелі бұл тұрғыдан қазіргі кезде жемқорлық пен монополия мәселесіне көп көңіл бөлмекпін. Дәл осы мәселе ел өркендеуі мен халықтың жайбарақат өміріне кедергі болуда. Ашық саясат бұлардың артында кімдер жасырынғанын байқасаңыз ақырын бейнелеп беруде. Сенім кәміл біз осы қоғамда мұндай алауыздыққа жол бермейтін болсақ, онда жемқорлар мен монополистер елден өз бетінше кете бастайды немесе жоғалады.

Осы сайлаудан кейін көпшіліктің көкейінде туындаған сұрақтың бірі «бұл сайлау Өзбекстан тарихындағы ең нашары болды», деген пікір қалыптасты. Осыған келісесізбе?

Меніңше өткен дәуірмен салыстырар болсақ бұл ең жақсысы болды. Өйткені сайлаудағы заңсыздық әрекеттер көрсетілгендігінің арқасында адамдар «ойыншыларды» байқап қалды. Алдындары мұндай болмайтын. Осы реткі сайлау ашық болуымен кемшіліктері көзге түсті, соның есесінен ол жаман көзқарас тудырған болуы да мүмкін. Ал түптеп келгенде ондай емес.

Келешекте «Олий Мажлистің» принцптері өзгеріп, қандайда бір өзгешелік болама?

Білмедім. Бұл жөнінде нақты бір нәрсені кесіп айту қиын. Себебі қазіргі уақытта Олий Мажлистің тәжірибелік принцптері толықтай нені қамтитынын өзімде анық біле бермеймін. Сондықтан бұл мәселеде нақты бірдеңе айталмаймын.

Қазіргі таңда сіз көтеріп жатқан қоғамдағы өзекті проблемалар әлеуметтік желі мен халық арасында қатты талқыға түскен. Ал бұл жағдай әрине үкіметке ұнап жатыр деп айту қиын (тіпті Президенттің өзі «барлығынада ұнай бермейсің, бірақ маған ұнайсың», деді) Осы тұрғыдан сіздің өміріңізге немесе жанұяңызға қандайда бір әсері тиіп жатқан жоқпа?

Әрине көпшілікке ұнамайтыны байқалады. Оны әу бастан сезіп келем. Тіпті кейбір опасыздар отбасыма дейін мазалаудан тайынбай тұр. Бірақ сондай екен деп менде қарап қалмай өзімді қорғау мақсатында тиісті шаралар көруге мәжбүр боламын. Тек кейбір кездерде ұйым немесе орталықтардағы найсапарды деп сол ведомстволарға байланысты қоғамның бұрыс көзқарасын тудырмау үшін үндемей қалмағаным болмаса. Дегенмен оныңда шегі барғой, кезі келсе бұлда бір күні айтылады.

Соңғы кездері үкіметтегі министрлер мен әкім қаралардың айтқан сөздері халық арасында көп талқыланытын болды. Олардың жабық жиындарындағы бейпіл әнгімелері жазылған таспалар желіге таралып көп сынға ұшырауда, бұл ненің белгісі?

Ең әуелі парасат-пайымның, түсініктің, білімнің саяздығы мен өзіндік сабырсыздығының жемісіғой. Сол бір дөрекі әкімқараларда осылардың барлығы немесе арасынан бірлі-екісі жетіспейді. Сол үшін осындай жағдайлар туындауда.

Және бір қызық жағдай «Расул Кушербаевтың артында басқа біреу бар. Ал ол көтеріп жатқан қоғамдағы мәселе, қағаздағы сценарий негізінде жасалуда», деген пікірде жоқ емес. Жел болмаса ағаштың ұшы қимылдамайды дейдіғой, мұны қалай түсіндіресіз?

Мен осы нәрсені біраздан бері айтып келем. Менің артымда маған сенген жәй ғана қарапайым адамдар тұр. Олар көп жағдайда өз мансабын асыра пайдаланып зорлық көрстетін шенеуніктердің алдында қорғансыз. Ал батырлық пен жігерді мемлекет басшысынан үлгі реніде аламын. Ол кісі қазір халықты разы қылу үшін, олардың бүгін жақсы өмір кешуі үшін қаншалықты батылдықпен ашықша тынымсыз күресуде. Ал осыны кейбір жауапты тұлғаларымыз өз өлшемінің төмендігінің арқасында қоғам мен билік арасында түсініспеушілік туындауына себепші болуда. Ел басшысының саясатын жеке басының мүддесі үшін пайдаланып жүрген шенеуніктер қоғамдағы наразылықтарға себепші. Олар мемлекеттілікке, заңдарға, Президент пен халық өкілдері беделіне нұқсан келтіруде. Алайда, бұл жүріс көпке бармайды, уақытша нәсеғой.

Өзбекстан көп ұлтты ел болғандықтан ұлттар арасындағы қарым-қатынас туралы түрлі бөртпе әнгіме тарайды. Солар арасында «қазақ» ұлтты азаматтарда бар. Кейде сырттай естіп жатамыз қазақ азаматтардың жұмыс орнында өсуіне жол бермейтін немесе қоғамдық ортадан аластату сынды сөздер айтылады. Осы шындыққа сая ма?

Мұны негізі ой өресі төмен көзқарасы тар кісілер, адамдар арасында алауыздық ояту үшінбе білмейм, оларды ұлтқа бөліп мәміле жасайды. Ондайлар жетеді. Осы типтегі жандар өздерінің дүниетанымына илана қарағанда, осындай психологиялық жарақаты болса онда қиын. Сенімді түрде айтатыным мемлекеттік деңгейде немесе саясатта, дипломатияда жалпы қоғамдық жұмыстарда болсын мұндай көзқарас жоқ. Әрбір ұлт өкілі барлық жанға тән мүмкіндіктерге ие. Кейбір жағдайларда қоғамда бәзі-біреулердің жолы болмай немесе жұмысы алға баспай қалып жатқан жағдайды өз ұлтымен байланыстыратын санаттағы адамдар да жоқ емес. Бірақ бұл дұрыс емес қой. Егер оның өзі жалқау, бейпаруә, білімсіз әлде надан болса ұлттан өкпелеуге болама...

Жазушы Бегабат Ұзақовтың актер Сейдолла Молдахановтан алған сұхбатында, Сейдолла аға өзінің ұлтын сұрағандарға «қазбекпін» деп әзілді шыны аралас жауап қайырады екен. Сіздеде осы секілді жағдай боп тұрама?

Кім білсін, бірақ өз абсым ұлтымды сұрағандарға әрқашан қазақ екенімді мақтана айтып қуанып жүрем. Өзбекстан көп ұлтты елғой. Бұл мекен осындағы барлық ұлт пен ұлысқа бірдей тиісті. Ал ел мен халық өркендеуі жолында аянбай тер төгу, келешек ұрпақ үшін ұлы істер жасау ұлт таңдамайды. Бұл менің ұраным деседе болады хәм ұстанымым.

Уақыт бөліп сұқбат бергеніңіз үшін рақмет. Алдағы жоспарлы жұмысыңызға табыс тілеймін.

Сұхбаттасқан Нұрғиса Камалбек.

16 195
ӨзА