Өзбекстанда автокөлікті 16 жастан бастап басқару құқығы ұсынылды
Өзбекстанда 16 жасқа толған азаматтарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру туралы петиция жарияланды
Өзбекстанда 16 жасқа толған азаматтарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру туралы петиция «Менинг фикрим» қоғамдық порталында жарияланды.
Онда айтылуынша, «Өзбекстанда 16 жастан бастап автокөлік жүргізуге рұқсат беру керек. Шет мемлекеттердің көпшілігінде көлік жүргізуге он алты жастан бастап рұқсат етіледі. Бұл жағдай мектептің жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Егер біз оқушыларды жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етсек, олардың арасындағы қылмыстың азаюына да қол жеткіземіз. Осы жағдайларды ескере Өзбекстанда 16 жастан бастап автокөлік басқару құқығын беруді ұсынамыз», -делінген хабарда.
Атаулы петицияның аяқталуына 85 күн бар. Бірақ қазіргі кезде бұл ұсынынсқа қолдау білдіргендер қатары 1000-нан асқан. Ал, 723 жан бұл ұсынысқа қарсы шыққан.